Операциялық жүйелер
Операциялық жүйе (ОЖ) — компьютердің аппараттық және бағдарламалық ресурстарын басқаратын негізгі жүйелік бағдарлама. Ол пайдаланушы мен компьютер арасындағы байланысты қамтамасыз етіп, бағдарламалардың орындалуын, жадты басқаруды, файлдық жүйені ұйымдастыруды және құрылғылардың жұмысын үйлестіреді. Пәннің мақсаты — операциялық жүйелердің құрылымы мен қызметтерін, процестерді басқару, жадты ұйымдастыру және ақпараттық қауіпсіздік негіздерін меңгерту.